Accessibility links

Қаңтардың 15-і күні Түркияда бес жасар баладан құс тұмауы белгісі табылған


Осылайша бұл елде аталған дертке шалдығушылар саны 19-ға жетіп отыр. Денсаулық сақтау министрлігінің айтуынша ол баланың осы жексенбі күні қаза болған 12 жасар әпкесінің ағзасынан H5N1 белгісі іздестірілуде. Зерттеу одан әрі жалғаспақшы. Бұл ағайынды балалардың ауру құстармен араласы болған, болмағандығы әлі белгісіз. Ван қаласындағы ауруханаға бұл балалар осыдан бес күн бұрын жеткізілген екен. Аталған дерттің адамнан адамға жұғу жағдайы әлі тіркелмеген.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG