Accessibility links

Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі қалай шешілмек?


ЛОНДОН. АҚШ Мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Иранның ядролық мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне беру үшін халықаралық қауымдастық тезірек әрекет жасауы керек деп мәлімдеді. Вашингтон Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің мүмкіндігінше тезірек төтенше жиналыс өткізуін қалайды, деді Райс ханым. Оның айтуынша, егер халықаралық агенттік мүшелері наурыз айына жоспарланған кезекті отырысын күтетін болса, онда Иранның ядролық қару жоспарын одан әрі жасыруға мүмкіндігі болады. Ал бүгін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің 5 тұрақты мүшесі мен Германия өкілдері Лондонда кездесіп, Иранның ядролық бағдарламасы мәселесін талқылап жатыр. Қауіпсіздік Кеңесінде вето қою хұқына ие АҚШ, Ұлыбритания және Франция елдері Иранға қарсы санкция қолдану үшін МАГАТЭ агенттігі арнайы жиналыс өткізіп, Теһранның ядролық мәселесін Қауіпсіздік Кеңесінің қарауына берсін дейді, бірақ кеңестің қалған екі тұрақты мүшесі, яғни Ресей мен Қытай бұл қадамды осы уақытқа дейін қолдамаған.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG