Accessibility links

Ауғанстанның Қандағар аймағында дүйсенбі күні орын алған қос шабуыл кесірінен кем дегенде 24 адам қаза болған


Бұл екі шабуыл үшін де жауапкершілікті Талибан қозғалысы өз мойынына алуда. Аймақ губернаторы Асадулла Халидтің айтуынша Спин Болдак қаласында еркін күресті тамашалап тұрған топ арасында жасалған жарылыс кесірінен 20 адам қаза болып 20-сы жараланған екен. Одан бір сағат бұрын Ауған әскери көлігінде жасалған жарылыстан үш солдат және бір қарапайым азамат қаза болған. Бұл екі жарылыстың жанкештілер қолымен жасалғаны немесе алыстан басқарылатын жүйе арқылы іске асырылғаны жөнінде қайшылықты хабарлар бар.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG