Accessibility links

Әл-Жазира телеарнасы Ирақта ұрланған американдық журналист түсірілген видеотаспаны көрсеткен


Бағдад. Журналист Джилл Кэроллді осы айдың бас кезінде ұрлап әкеткендер оның аудармашысын өлтірген болатын. Видеотаспада журналисті кепілдік тұтқынына алған топ Ирақ түрмелеріндегі әйелдердің бәрі 72 сағаттың ішінде босатылмайтын болса, оны өлтіреміз деп ескерткен. АҚШ билігі журналисті аман-есен босату үшін қолдан келгеннің бәрін де жасап жатырмыз деп мәлімдеуде. Кэролдың отбасы кепілдік тұтқынында ұстап отырғандарға қайрылып, олардың аяушылық танытуларын сұрады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG