Accessibility links

Ирақтағы кісі ұрлаушылар 72 сағаттан кейін америкалық журналист әйелді өлтіруі мүмкін


БАҒДАД. Бүгін қарақшылар Бағдад қаласында тасадан кемінде 10 адамды өлтіріп кетті. Бұл оқиғаның басқа жай-жапсары әзірше белгісіз. Ирақ ішкі министрлігінің хабарлауынша, Африка елдерінің бірінен келген инженер ұрланды. Одан бұрын Ирақта америкалық журналист әйелді ұрлап алып кеткендер елдегі барлық әйел 72 сағаттың ішінде түреден босатылмайтын болса, журналист әйелді өлтіретіндерін ескертті. “Әл-Жазира” телеарнасы “Крисчен сайнс монитор” басылымының тілшісі Джилл Кэролл бейнеленген қысқа бейнесюжетті көрсетті. Оны өзін “Кекшілдер бригадасы” деп атайтын белгісіз топ ұрлап кеткенін хабарлады. АҚШ үкіметі Кэролды босату үшін барын салып жатқанын мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG