Accessibility links

Қазақстанның бұрынғы да жаңа президенті Н.Назарбаев үкіметке ескі премьерді тағайындады


АСТАНА. Бүгін Қазақстан парламенті палаталарының бірлескен отырысында депутаттар президент Н.Назарбаевтың премьер-министр етіп Д.Ахметовті тағайындауына келісімін берді. Бұл мәселені Мәжілістің 73 және Сенаттың 37 депутаты түгел қолдады. Қазақстан Конституциясына сәйкес, үкімет басын парламенттің келісімі бойынша президент тағайындайды. Бұған дейін Д.Ахметов – Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының әкімі, премьер-министрдің орынбасары, 1-інші вице-премьер және 2003-інші жылдан бері премьер-министр болып қызмет атқарды.
XS
SM
MD
LG