Accessibility links

Бүкіл әлемде “құс тұмауына” қарсы күреске 2 млрд долларға жуық қаржы бөлінеді


БЕЖИН. “Құс тұмауымен” күрес тақырыбы бойынша Бежиндегі халықаралық конференция - донор елдер мен халықаралық қаржы институттарынан кем дегенде 1,9 млрд доллар қаржы бөлінетін болып бүгін аяқталды. Дамушы елдердегі “құс тұмауына” қарсы күреске қажетті бұл қаржының 334 млн.-нын АҚШ, 250 млн.-ға жуығын Еуроодақ бөлетін болса, Дүниежүзілік банк 500 млн. доллар мөлшерінде несие бермекші. Еуроодақтың денсаулық сақтау жөніндегі өкілі Маркос Киприану: “Біз жан-жақты дайын болуымыз керек. “Құс тұмауының” қатері таяу болашақта жойылатын түрі жоқ. Біз ұзаққа созылатын шайқасқа дайын болуымыз керек. Вирус Еуропаны да жарылқамай көп аймаққа жайылды. Біздің фермерлер, мал дәрігерлеріміз осы дертке қарсы күресіп, майдан шебінде жүр” деп атап көрсетті.

AzattyqTV

Кәсіподақ басшысы соты

Елеусіновке таққан айыпты оқыды

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG