Accessibility links

Эй-Би-Си жаңалықтар жүйесі өткен аптада, АҚШ күштері атқарған болуы мүмкін делінетін Пәкістандағы зымырандық шабуыл кезінде «Әл-Қаиданың» басты бір мүшесі өлтірілді деген хабар таратты


Вашингтон. Бірақ бұл ақпарат ресми түрде расталмаған. Жаңалықтар жүйесі Дамадоладағы конференцияда Пәкістан билігінің өкілдері Мидхат Мерсиді «Әл-Қаиданың» белгілі үш мүшесінің бірі ретінде танығандығын айтқан. «Әл-Қаида» басшысының орынбасары деп есептелетін Айман әл-Зауахриді көздеген әуе шабуылынан кейін Пәкістанда наразылықтар өрши түскен болатын. Шабуылдар барысында ауған шекарасымен жақын ауылда, ішінде әйелдер мен балалар бар, кемінде 18 адам опат болған.

AzattyqTV

Қырғызстан

Саматтың арманы

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG