Accessibility links

АҚШ мемлекеттік хатшысы Кондолиза Райс Американың шетелдердегі дипломатиялық корпусына қайта құру жүргізу керек дейді


Вашингтон. Кеше Вашингтонда сөйлеген сөзінде Райс шетелдердегі дипломаттарды қарулы күштердегі әріптестерімен қоян-қолтық бірлесе жұмыс істеуге шақырып, Ирақ пен Ауғанстандағы тәжірибені үлгі ретінде атап өтті. Райс Американың дипломатиялық корпусын Европадан алыстау, тұрғындар саны жылдам өсіп бара жатқан аймақтарға қайта орналастыру қажет деген ұсыныс айтты. АҚШ мемлекттік хатшысы, сондай-ақ шұғыл жауап командаларын құру қажеттігіне тоқталды. Ол мұндай командада, мәселен, денсаулық сарапшылары болса, олар белгілі бір дағдарыс жағдайында соған сай әрекет етіп, көптеген сұрақтарға жауап беретін болады дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG