Accessibility links

Human Rights Watch халықаралық адам хұқтарын қорғау ұйымы - АҚШ әкімшілігі лаңкес деп күдіктелген тұтқындардың хұқтарын бұзып отыр деп есептейді


Нью-Йорк. Өзінің жылдық есебінде аталған ұйым мұндай тәжірибе кері нәтиже - демек, терроршылардың адамдарды өз жағына жеңіл үгіттеп алуына мүмкіндік беріп, Вашингтонның басқа елдерді халықаралық заңдылықтарды сақтауға шақыруын қиындата түседі деп атап көрсеткен. Баяндамада сондай-ақ Мәскеу мен Бейжін де террорға қарсы күресті саяси қарсыластарды басып-жаншу үшін қолданып отырғандар қатарында аталған. Жылдық есепте адам хұқтарын өрескел бұзып отырған елдер ішінде Өзбекстан айрықша атап көрсетілген. Сондай-ақ, Армения, Әзірбайжан, Беларус, Босния-Герцоговина, Грузия, Қазақстан, Тәжікстан, Түркменстан және Украина да адам хұқтары сақталмайтын елдер қатарында аталған.
XS
SM
MD
LG