Accessibility links

Қазақстанның азық-түлік корпорациясы биыл республиканың мемлекеттік резервін толықтыру үшін жарты миллион тонна астық сатып алады


Қазақстанның азық-түлік корпорациясы биыл республиканың мемлекеттік резервін толықтыру үшін жарты миллион тонна астық сатып алады. Бұл туралы Қазақстан премьер-министрі Даниял Ахметов қол қойған үкімет қаулысында айтылады. Бұрыңғыдай, сатып алу рәсімі екі деңгейде жүргізіледі. Осылайша, мемлекет диқандарға көмектеседі деп хабарланған. Ал, кейбір диқандар болса керісінше, мемлекет арзан бағаға астық сатып алып, шет елге сатып, ақша табады деген пікірлерін білдірген.

Қазақстанның азық-түлік корпорациясы биыл республиканың мемлекеттік резервін толықтырудың сыртында, астық базарын тұрақты қалпында ұстау үшін астық сатып алады. Корпорация мемлекет қаржысының сыртында банк несиелерін қатыстырмақшы. Жарғылық капиталын көбейтуге арналған, республикалық бюджеттегі ақша егістік және егін орағы жұмыстарына да пайдаланылады деп хабарланып отыр. Ауыл шаруашылық министрлігінің департамент бастығы Анна Бутсьтің айтуынша, корпорация бюджет ақшасынада инвесторлардың ақшасынада астық сатып алады.

Осы астықпен бірінші кезекте Қазақстанның Батыс облыстары, Астана, Алматы және басқа да ірі қалалар астықпен қамтамасыз етіледі. Ал, солтүстік аймақтар өздерін астықпен қамтамасыз етуге тиіс.

Азық-түлік корпорациясының басшылығы хабарлағанадай, сатып алу үрдісі қалыптасқан дәстүр бойынша, көктемде және күзде жүргізіледі, соның нәтижесінде корпорация ішкі базардағы астық бағасын демпингтен сақтайды деп хабарланады. Көктемде корпорация болашақ егін өнімінің есебіне диқандарға пайызсыз несие береді. Нәтижесінде шаруа қожалықтары ауыл шаруашылық техникасын, жанар-жағар майын, тұқымдық қоры мен тыңайтқыштарын ертерек, яғни арзан кезінде, дайындауға мүмкіншілік алады, дейді корпорация мамандары. Экономист Атамұрат Шаменнің айтуыншада, азық-түлік корпорациясы ұсынған жүйе тиімді:

- Қазір не тапшы, қаржы ресурстары тапшы. Сондықтан, көктемде сатып алатын егіннің ақшасын беріп, сол егінді салуға көмектесіп, күзде сол келісілген бағамен сатып алып жатса меніңше дұрыс жол деп есептеймін. Бірақ, осы жол дұрыс істелсе, барлық егіншілерді қамтыса. Әрине баға мәселесіне келгенде отырып келіссөз жасау керек.

Азық-түлік корпорациясының вице-президенті Абай Бисембаевтің айтуынша, олар ақшаны бергенсоң оны қайтадан астықпен алғанды немесе ақшамен алғанды қалайды. Бірақ, ақшалай берсеңіз оған қосымша инфляция пайызын өтеу керек. Біз одан пайда таппаймыз, басты мақсат ақшаны сақтап қалу, дейді ол.

Азық-түлік корпорациясының вице-президенті Абай Бисембаевтің айтуынша, олар банк кепілдігін талап етеді. Ол 3-4 пайыздан жоғары емес дейді ол.

Алдағы көктемде корпорация астық өндірушілерге алдын ала қаржы бере бастайды. Сондықтан астық өндірушілер астық бағасы көтерілейін деп тұрған шақта корпорация қандай баға ұсынар екен деп күтіп отыр. Ал, ішкі нарықтағы азық-түлік корпорациясы ұсынатын баға базардағы орташа бағадан әлдеқайда төмен дегенде пікір бар. «Қарабатыр» агрофирмасының директоры Жәзит Құдайқұловтың айтуынша, бәрібір негізгі қиыншылық өнім өткізумен байланысты:

- Бидай өтпей жатыр, оның бағасы еккен бағадан төмен, халықтың еңбегі далада қалды.

Қазақстан астығы биыл негізінен Тәуелсіз мемлекеттер достастығына сатылады. Азық-түлік корпорация өкілдерінің айтуынша, онда сұраныс көп, ал шығын және бәсеке аз. Сондықтан, бұл бағыт Қазақстанға тиімді, дейді олар. Ауыл шаруашылық министрлігінің департамент бастығы Анна Бутсьтің айтуынша, экспорт сұранысқа байланысты дегенмен негізгі серіктеріміз Тәуелсіз мемлекеттер достастығы, дейді ол.

Соңғы жылдары, Қазақстанда өсірілген астық мөлшерінің ұлғаюына орай, азық-түлік корпорациясы диқандардан алатын дәнді дақылдардың көрсеткіштерін көтерген. О баста азық-түлік корпорациясы мемлекеттік азық-түлік резервін жасап, жаңарту үшін құрылған болатын. Қалған дақылдар қазақстандағы нан зауыттары мен диірмендеріне жіберіледі. Ал, ішкі нарықтағы астық бағасы нан құнына әсер ететін белгілі. Экономист Атамұрат Шамен 600 грамдық бір бөлке нанның бағасы 30 теңгеден аспау қажет дейді. Ал, Астана наубайханалары нан бағасын 40 теңгеге дейін көтереміз деген ниетін білдірген. Азық-түлік корпорациясының вице-президенті Абай Бисембаевтің айтуынша, Қазақстанның нан пісірушілері бірнеше жыл бойы астықты өте арзан бағамен сатып алып келген. Сондықтан қазір, аяқ астынан нан бағасын көтермеуі жөн. Өйткені, нан бағасын көтермеу туралы «Цесна-Астық» компаниясымен келісім жасалған. Корпорация кәсіпорынға белгілі бір көлемде астық беріп тұрады екен. Экономист Атамұрат Шаменнің айтуынша, нан бағасын тізгіндеуге осы сияқты мүмкіншілік бар:

- Нанды қымбаттатпай ұстауға болады. Мемлекеттік реттеу деген түсінік барғой. Біздің Қазақстан аграрлық ел. Мысалы, президенттік нан деп атап, 30 теңгеден асырмай ұстап тұруға болады. Қарағанды және басқа облыс орталықтарында әкімдердің араласуымен ұстадығой.

Сарапшылардың бағалауынша, Қазақстан астық экспорты көлемі бойынша, әлемдегі бірінші ондыққа кіріп отыр. Қазір, республика 40-қа жуық елге бидайын сатып келеді. Оның ішінде соңғы жылдары, Еуропалық Одақ және Азия елдеріне, Түркия мен Сауд Арабия елдеріне тасымалданатын астық көрсеткіштері ұлғайған. Қазақстандық астық импортына ықыласын аударған елдердің тізімінде Тунис, Судан, Марокко сияқты жаңа мемлекеттер пайда болды.
XS
SM
MD
LG