Accessibility links

Бүгін түнде Францияда тәртіпсіздіктер тағы да орын алды


Париж. Хабарларға қарағанда, Тулуза қаласында жастар полицияға қолдан жасалған бомбалар лақтырып, машиналарды өртеген. Франция астанасы маңайындағы иммигранттар тұратын аймақтарда бей-берекеттік пен тәртіпсіздіктердің жалғасып жатқанына осымен он үшінші түн болды. Франция үкіметбасы жағдайды тыныштандыру үшін билік төтенше өкілеттіктер қолданып, коменданттық сағатқа дейін енгізіп жатқанын айтқан-ды:

- Жергілікті әкімшіліктерге тәртіпсіздік жасаушыларды үйлерінен шығармай қоюға немесе олардың көпшілік орындарында жиналуына рұхсат етпеу құзыры беріледі. Олар сондай-ақ қаруларды тәркілей алады.

Мұндай жаңа өкілеттіктерді қолдана алатын Париж маңайындағы алғашқы елдімекендер Амьен мен Орлеан. Оларда 16 жасқа толмаған жастардың түнде жалғыз-жарым жүруіне тиым салған коменданттық сағат енгізілді.
XS
SM
MD
LG