Accessibility links

Әзірбайжан мен Армения арасындағы Таулы Қарабаққа байланысты жоғары дәрежелі келіссөз аяқталды


Лондон. Енді екі ел президенттерінің кездесуі болады деп хабарланды. Әзірбайжанның сыртқы істер министрі Елмар Мамадияров пен Арменияның сыртқы істер министрі Вардан Осканян осы аптада Лондонда кездескен болатын. Осканян «Азаттық» радиосының армян редакциясына берген сұхабтында ақпан айының басында екі елдің президенттері Францияға бірге келетін болады деп айтты.

- Мен президенттердің кездесуі жақында болатындығын растаймын, ол жөнінде Лондондағы осы кездесуде шешілді. Және Франция тарабы да қос президентті шақырып отыр. Этникалық армяндар басым тұратын Қарабақ советтік Әзірбайжаннан 1988 жылы бөлінгенде оның соңы соғысқа ұласып, 30 мыңдай адамның өмірін жалмаса, 800 000 адам баспанасыз босып кетті. 1994 жылы өзара келісімге қол жетсе де, Әзірбайжан мен Армения қарым-қатынастарында Қарабақ мәселесі әлі де даулы болып тұр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG