Accessibility links

Әл-Жазира телеарнасы Осама Бин Ладеннің видеотаспасы делінген жазбаны көрсеткен


Дубай. Онда Әл-Қаида жетекшісі Осама Бин Ладен АҚШ-қа қарсы жаңа лаңкестік шабуылдар жасалады деп ескерте отырып, егер коалиция әскерлері Ирақ пен Ауғанстаннан кететін болса, бітімгершілікке баруға дайын екендігін айтқан. Дегенмен де ол нақты шарттарды алға тартпаған. Вашингтонда Орталық барлау басқармасы көрсетілімдегі дауыстың 2001 жылғы 11-қыркүйек шабуылын құпия басқарған Бин Ладендікі екендігін айтқан, бұл бір жылдан астам уақыттан бері қайда екені белгісіз болып келген Бин Ладеннен түскен алғашқы дерек. Ақ үй қандай да бір келісімге келу дегенді бірден кері қақты. Ақ үйдің өкілі Скот Маклеллан АҚШ лаңкеспен келісімге бармайды деп атап көрсеткен. АҚШ-тың қауіпсіздік ресмилері қандай да бір дайындалып жатқан террорлық акті туралы барлау деректері болмағандығын айтады.
XS
SM
MD
LG