Accessibility links

«Хьюман Райтс Уач» тобының жылдық есебіне қазақстандық құқық қорғаушылар мен саясаткерлер түрліше пікір білдіруде


Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы «Хьюман Райтс Уач» тобының сәрсенбі күнгі жариялаған жылдық есебімен танысқан қазақстандық бірқатар құқық қорғау саласының мамандары мен саясаткерлер бұл баяндамаға орай түрліше пікір білдіріп отыр.

ҚР президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Жабайхан Әбділдин Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы «Хьюман Райтс Уач» тобының өткен жылға арналған зерттеу баяндамасының біраз тұстарымен өзінің келісе алмайтындығын айтады. Оның пікірінше, Қазақстан осы уақытқа дейін адам құқықтары мәселесіндегі барлық халықаралық құжаттардың басты дегендеріне қол қойып, міндеттеме алған зайырлы демократиялық ел ретінде елдегі азаматтардың толыққанды құқықтары сақталуына бірінші кезекте осы жауапкершілікті атқаруға міндеттеніп отырған мемлекет. Сондықтан бұл жолғы өзінің Қазақстан турасындағы баяндамасында Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйым - «Хьюман Райтс Уач» тобы қатқылдау ұстанымын білдіріпті дейді ол. Мәселе дәл олар айтқандай ушығып тұрмағанымен, адам құқықтары жайында Қазақстанда шешімін табатын жайттардың да бар екендігін алға тартады ҚР президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Жабайхан Әбділдин.

Ал «Әділетті Қазақстан үшін» қозғалысының мүшесі, саясаткер Әміржан Қосанов Халықаралық адам құқықтарын қорғау ұйымы «Хьюман Райтс Уач» тобының Қазақстандағы өткен жылғы сайлау кезіндегі оппозициялық бағыттағы саясаткерлердің құқы өрескел бұзылды деген қорытындысы нақты әрі әділ айтылған дейді.

Дегенменде «Хьюман Райтс Уач» тобының жылдық бұл есебінің Қазақстан жайындағы қорытындыларының бірқатарымен келіскенменде, көбіне саяси бағытты ұстанғандығы байқалады, дейді Қазақстандағы азаматтардың құқын қорғау жөніндегі ұлттық орталығының баспасөз хашысы Арбол Хасенұлы. Дейтұрғанменде ол «Хьюман Райтс Уач» тобының жылдық бұл есебінің біршама тұстарын болашақта басшылыққа алатын боламыз дейді.
XS
SM
MD
LG