С.Зайнабиддинов мамырдағы Әндіжан қырғынының куәсі болып, ол қантөгіс жөнінде журналистер мен шетелдік дипломаттарға өз көзімен көргендерін айтқандығы үшін кінәлі болып отыр. «Хьюман Райтс Уач» ұйымының хабарлауынша, С.Зайнабиддинов 8 айдан бері абақтыда қамауда отыр. Екі аптадан бері сотта жауап беруде. Оның отбасы отағасының қайда екендігінен бейхабар.