Accessibility links

Кеше Ирақ астанасында 15 желтоқсанда өткен парламент сайлауының қорытындылары жария етілді


Бағдад. Күтілгендей, Ирақ шиттерінің біріккен одағы 275 орындық парламентте барлығы 128 орынды жеңіп алып, ең үлкен блок құрды. Сунниттердің екі үлкен тобы 58 орынды иеленген. Күрдтер блогы болса, 53 орынға ие болған. Ирақтың бұрынғы премьер-министрі Ияд Аллауидің тобы 25 орынды қамтамасыз еткен. Қалған орындар шағын топтар мен тәуелсіз кандидаттардың еншісінде. БҰҰ-ның Бас хатшысы Кофи Аннан сайлау нәтижелерін құптап қарсы алып, Ираққа бұдан былай да қолдау көрсетеміз деп сендірді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG