Accessibility links

Сирия президенті Башар әл-Ассад Израилды Палестиннің бұрынғы жетекшісі Яссер Арафатты қастандықпен өлтірді деп айыптады


Дамаск. Ассад араб заңгерлері алдында Арафаттың өлімі Израилдың тарапынан болды, бұны әлем көре тұра ешнәрсе істеген жоқ деп атап көрсеткен. Бірақ ол бұл сөздеріне қандай да бір дәлелдер келтірмеген. Арафат 2004 жылдың қараша айында Парижде ауруханада қайтыс болған. Француз дәрігерлері Арафат уландырылды деген қауесетті жоққа шығарғанымен, оның өлімі турасындағы дәрігерлік анықтаманы жариялаудан бас тартқан. Израил Арафаттың өліміне қатысымыз жоқ деп мәлімдейді.
XS
SM
MD
LG