Accessibility links

Кеше Косово президенті Ибрахим Ругово 61 жасында дүниеден өтті


Приштина. Бұл жөнінде президенттің баспасөз-хатшысы Мухамет Хамити хабарлаған. Косово президентіне өкпе рагы диагнозы 2005 жылдың қыркүйегінде қойылған болатын. Ругово шылымды қатты шеккен екен. Ибрахим Ругово көп жылдар бойы Косово албандарының Сербиядан тәуелсіздік алу жолындағы күресіне басшылық еткен тұлға. Косовоның қалыпты демократиялық лигасының жетекшісі болған. 2002 жылы Ругово формалды жағдайда Сербияның бір бөлігі болып табылатын Косово аймағының президенті болып сайланды. Ал іс жүзінде аймақ жеті жылдан бері халықаралық әкімшіліктің басқаруында. Косовоның болашақ мәртебесі турасында Венада қаңтардың 25-іне белгіленген келіссөз енді ақпан айының басына шегерілмекші.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG