Accessibility links

М.Саакашвили (Грузия президенті): “Ресей Грузияға газ беруін қасақана тоқтатты”


ТБИЛИСИ. Грузин президенті М.Саакашвили Грузия мен Арменияға қарай тартылған газ құбырындағы бүгінгі 2 жарылыстың соңында Ресей тұр деп айыптады. Оның пікірінше, Грузияны ішкі газ құбырын Мәскеуге бергізу үшін Ресей Грузияға газ беруін қасақана тоқтатты. Грузияға газ экспортын доғару үшін Ресей жылдың ең суық маусымын таңдап отыр, деп мәлімдеді М.Саакашвили. Төтенше жағдайлар бойынша Ресей министрлігінің өкілі газ құбырларындағы 2 жарылыс кездейсоқ деп жариялаған болса, көп кешікпей Ресей Бас прокурорының орынбасары Н.Шепель “қастандық әрекет” бабы бойынша қылмыстық іс ашылып, тергеу басталғанын мәлімдеді. Грузияның энергетика министрлігі елде газдың 1 тәулікке жететін қоры бар екенін хабарлады. Ал Ресей жағы газ құбырын жөндеуге 2-3 тәулік керек деп отыр.

AzattyqTV

Беларусь аймақтары

«Ашулы белорус» марштары

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG