Accessibility links

Иран “ядролық ісінің” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне берілуінен сескенбейді


ТЕҺРАН. Бүгін Иран сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Хамид Риза Асефи Израильдің әскери қаһар көрсетуін “баланың қылығы” деп бағалап, Иранға қарсы кез-келген соғыс қимылының “ауыр салдары болады” деп ескертті. Кеше Израильдің қорғаныс министрі Шауль Мофаз Иранның ядролық бағдарламасын тоқтату үшін Израильдің соғыс қимылдарына әзір деп мәлімдеген болатын. Х.Р.Асефи, сонымен қатар, атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігінің таяуда шұғыл түрде өтетін жиынын “саяси астарлы жиын” деп сынға алды. Ол, сондай-ақ, өзінің “ядролық ісінің” БҰҰ-ының қауіпсіздік Кеңесінің талқысына берілуіне Теһран онша алаңдамайтынын атап көрсетті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG