Accessibility links

Ирақта 3 полицей мен 4 бала қаза болып, еш айыбы жоқ 3 журналист босатылды


БАҒДАД. Бүгін Ирақтың түкпір-түкпірінде болған түрлі шабуыл мен қастандықтан кем дегенде 13 кісі көз жұмды. Түнде Балад-Руз қаласындағы полиция бастығының үйі атқыланып, оның ағасы мен 4 баласы қаза тапты. Баакуба қаласындағы бомбаның жарылысынан кемінде 3 полицей құрбан болды. Ирақтағы АҚШ армиясы “Рейтер” агенттігінде телеоператор болып істеп жүріп маусым айында қамауға алынған Ирақ журналисі Самир-Мухаммад Нурды бостандыққа жіберді. 1 апта бұрын шетелдік баспасөз құралдарында жұмыс істеп келген тағы 2 Ирақ журналисі босатылды. “Рейтер” агенттігінің мәліметі бойынша, олардың біріне де ешқандай айып тағылмаған көрінеді.

AzattyqTV

Вашингтонға әйелдер маршы

Әлем елдері үн қосқан шеру

XS
SM
MD
LG