Accessibility links

Косово парламенті марқұм президенттің тәуелсіздік үшін күресін жалғастыруға ант берді


ПРИШТИНА. Бүгін Косово парламентінің өкілдері марқұм болған президент Ибраһим Ругованы 1 минуттық үнсіздікпен еске алып, оның Сербиядан толық тәуелсіздік алу жолындағы бейбіт күресін әрі қарай жалғастыруға ант етті. Премьер-министр Бажрам Косуми Ругованың ісін жалғастыру үшін бірігуге шақырды. Марқұмды аза тұту 5 күн бойы жалғасады. И.Ругованың денесі парламентке қойылып, ертеңнен бастап онымен 3 күн бойы қоштасуға болады. Ол бейсенбі күні Приштинада жерленеді. И.Ругова - өкпесіндегі ісіктен 61 жасында сенбі күні дүние салды.
XS
SM
MD
LG