Accessibility links

Иран ядролық бағдарламасы үшін арнайы жабдық сатып алған ба?


ТЕҺРАН. Иранның ұлттық қауіпсіздік мәселелері бойынша өкілі Әли Ларижани Иран қара базарда өзінің ядролық бағдарламасы үшін арнайы жабдық сатып алды деген хабарларды жоққа шығарды. Бұл мәселеге қатысты қандай да бір түсінбеушілік болса, Иран үкіметі оны Венадағы Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігімен талқылауға дайын деп мәлімдеді Ларижани. Жұма күні МАГАТЭ дипломаттары Иран уранды байыту ісі үшін әбден жетілген арнаый жабдыққа ие болды деген болатын. АҚШ-ы Иран жасырын түрде ядролық қару жасамақшы дейді, бірақ бұл айыптауларды Теһран жоққа шығарып отыр. Кеше Германия сыртқы істер министрі Уальтер Штанмайер Иранның ядролық бағдарламасы мәселесі дипломатия арқылы шешілу керек деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG