Accessibility links

Ресейдің оңтүстігіндегі газ құбырында екі жарылыс болды


ТБИЛИСИ. Хабарларға қарағанда, Ресейдің “Газпром” компаниясы Грузияға газын жеткізу үшін балама құбырлар арқылы Әзірбайжанға тасымалданатын газдың көлемін көбейткен. Грузия президенті Михаил Саакашвили Грузия мен Арменияға қарай тартылған газ құбырындағы екі жарылыстың соңында Ресей тұр деп айыптаған болатын. Ресей Сыртқы істер министрлігі Грузия президентінің бұл мәлімдемесі екі елдің қарым-қатынастарына әсер етуі мүмкін деп ескертті. Қазір жарылыс себептері тексеріліп жатыр.
XS
SM
MD
LG