Accessibility links

Грузияға газ бен электр қуаты экспортталатын құбыр мен электр желісін кім істен шығарды?


ТБИЛИСИ. Жексенбіге қараған түні “Моздок-Тбилиси” құбыры арқылы Грузияға айдалатын Ресей газы доғарылған соң, ГазПром компаниясы Грузияға Әзірбайжан арқылы тасымалданатын газдың көлемін ұлғайту туралы шешім қабылдады. Жексенбіге қараған түні Солтүстік Осетияның Нижний Ларс елді-мекені маңында Грузияға қарай тартылған негізгі және қосалқы газ құбырының бойында 2 жарылыс болды. Үшінші жарылыс Ресейден Грузияға тартылған жоғары вольтті электр желісін істен шығарды. Тергеу бұл жарылыстарды негізінен “диверсия” деп қарастыру үстінде. Мамандар құбырды жөндеп іске қайта қосуға бірнеше күн керек деп отыр. Кеше грузин президенті М.Саакашвили: “Бұл - Ресейдің Грузияны өзінің ішкі газ құбырын Мәскеуге беруге мәжбүрлемек болғаны”, деп айыптады. Ресейдің сыртқы істер министрлігі М.Саакашвилидің бұл мәлімдемесін “истерия” немесе “жыны ұстады” деп бағалады.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG