Accessibility links

Еуроодақ МАГАТЭ-ден “Иран мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беруді талап етпекші


ЛОНДОН. Бүгін британ премьер-министрі Тони Блэр, оның өз сөзімен айтқанда, Иран шетелдердегі терроризмді “белсенді түрде” қолдауын доғаруға тиіс деп мәлімдеді. Т.Блэрдің бұл ескертуі – Иранның ядролық бағдарламасы төңірегінде дағдарыс өршіп тұрған кезде айтылып отыр. Теһран өзінің ядролық ізденістері бейбіт мақсатты көздейді деп дәлелдеп келеді. АҚШ, Еуроодақ және Израиль Ираннан ядролық қару жасауды мақсат етуі мүмкін деп күдіктенеді. Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі Иранның осы “ісін” 2-нші ақпанда басталатын 2 күндік отырсында талқылауға тиіс. Еуроодақ оның барысында “Иран мәселесін” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне беру туралы шешім қабылдануын талап етпекші. Ресми Теһран егер оның ісі Қауіпсіздік Кеңеске берілетін болса, онда уранды байыту - өндіріске қоюылуы мүмкін деп ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG