Accessibility links

Мәскеу шетелдік үкіметтік емес ұйымдарды талқандаудың “амалын” тапқан тәрізді


ЛОНДОН. Ұлы Британия үкіметі Мәскеудегі британ елшілігінің 4 қызметкері тыңшылықпен айналысты деген Ресейдің Федералдық қауіпсіздік қызметінің мәлімдемесіне алаңдаушылық білдірді. Жексенбі күні “Россия” телеарнасы ағылшын дипломаттарының астыртын түрде өзінің агенті – Ресей азаматымен байланысқаны туралы ФСБ-ның жасырын түсірген бейнесюжетін көрсетті. Осы қызметтің мәліметіне сәйкес, британ елшілігі үкіметтік емес 12 ұйымды, оның ішінде Мәскеулік Хелсинки тобын қаржыландырып келген. “Азаттық”-қа берген сұхбатында осы топтың төрайымы Людмила Алексеева: “...менің түсінігім бойынша, мұның көздегені - азаматтық қоғамның мейлінше белсенді, мейлінше тәуелсіз бөлігі болып табылатын адам құқын қорғайтын қауымдастығын талқандауға қоғамның пікірін қалыптастыру”, деп мәлімдеді.

AzattyqTV

29 наурыз

AzatNews 29.03.2017

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG