Accessibility links

“ҚазАтомӨнеркәсібі” 2010-жылға қарай әлемдегі ең ірі уран өндірушіге айналуды көздейді


АЛМАТЫ. Бүгін Қазақстанның “ҚазАтомӨнеркәсібі” ұлттық компаниясы мен Жапонияның 2 фирмасы Оңтүстік Қазақстан облысындағы уран кенішін бірлесіп игеру туралы ондаған млн доллардың келісім-шартына қол қойды. Оңтүстік Қазақстанның Мыңқұдық кенішінде құрылатын бірлескен кәсіпорынның 65 пайыздық акциясын “ҚазАтомӨнеркәсібі” иеленсе, күншығыс елінің Сумитомо (Sumitomo) корпорациясы 25 пайызын, ал Жапонияның электрлік қызмет саласындағы екінші ірі компаниясы болып табылатын Kansai Electric Power Co корпорациясының үлесіне – акциялардың 10 пайызы тиеді. Бірлескен кәсіпорын 2007-нші жылдан бастап өнім шығара бастауға тиіс. “ҚазАтомӨнеркәсібі” – 2010-жылға қарай уран өндірісін 4 есе ұлғайтып, бүкіл әлемдегі ең ірі өндірушіге айналуды жоспарлап отыр.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG