Accessibility links

Бүгін Мәскеуге Иранның Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы Али Ларижани ядролық бағдарлама бойынша келіссөз өткізу үшін келді


Иранның ядролық бағдарлама жөніндегі делдал өкілі Ларижани Ресейдің ресми өкілдерімен Иранның даулы атом бағдарламасы төңірегінде келіссөздер өткізбекші. Онда Ресей мен Иран өкілдері Иранның уран байыту жұмысын Ресейде жасау туралы Мәскеудің ұсынысын талқылайтын болады. Осылай ұсынылған бағдарлама арқылы Иранның ядролық бағдарламасы турасындағы Батыстың алаңдаушылығын азайту жолы қаралып отыр. АҚШ президенті Джордж Буш болса, дүйсенбі күні Техран мәселені шешетін әрекеттер жасамаса, келесі қисынды қадам Иран мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесінде қарап, санкциялар салу мүмкіндігін қарастыру деп айтқан болатын.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG