Accessibility links

Баспасөзге шолу. 01.24.2006 жыл

  • Амангелді КЕҢШІЛІКҰЛЫ

Сейсенбі күнгі жарық көрген басылымдар Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Министрлер кабинетін толық құрамымен қабылдап, олардың жұмыстарындағы кемшіліктерді атап көрсетіп, тез арада жоюды талап еткендігіне айрықша назар аударыпты. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылдың ақпанындағы жолдауындағы көрсетілген міндеттерді атқару премьер-министрдің орынбасары Кәрім Мәсімовке жүктеледі. Ендігі уақытта стратегиялық мәселелер бойынша тиімді жұмыс жүргізу, бағдарламалар әзірлеп, оларды әрі қарай жетілдіру ісін Премьердің орынбасары Кәрім Мәсімов басшылыққа алуға тиіс.

Сейсенбі күнгі “Егемен Қазақстан” басылымы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Үкімет отырысын өткізіп, Қазақстанды әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына қосу жөніндегі міндеттерді тиімділікпен іске асырудың ұйымдық тетіктерін анықтауға қатысты сөз сөйлегендігіне баса назар аударыпты. Мақала авторының айтуынша, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде Үкіметтің жұмысында біраз олқылықтардың бар екендігін де сынға алған. Нұрсұлтан Назарбаевтың айтуынша, Кеңсе шенеуніктері өздеріне министрліктердің міндеттерін алатын болғандықтан, мұның өзі министрлердің жауапкершілігін төмендеткен. Сондай-ақ мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев министрліктер мен ведомстволардағы құжаттарды орындаудың көп сатылығын жою керектігін айтып, мұның құжаттардың орындалуын жақсартатындығына және шешімдер қабылдау жеделдігін ұлғайтатындығына айрықша назар аударған.

Бұл тақырыпқа айрықша назар аударған “Литер” басылымы ендігі уақытта министрлердің жайбырақат өмір сүре алмайтындығы туралы болжам жасапты. Мұның себебін мақала авторы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тағайындалған министрлерден орынбасарларының санын азайтуды талап еткендігімен байланыстырып, ендігі уақытта олардың шешілмей жатқан проблемаларды өз орынбасарларына итере сала алмайтындығымен түсіндіріпті. Газет тілшісінің хабарлауынша, Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Қаржы министрлігі, Қаржылық бақылау агенттігі және Сыртқы істер министрлігінің жұмысын қатты сынға алған.

“Экспресс К” басылымы болса Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Министрлер кабинетін толық құрамымен қабылдап, олардың жұмыстарындағы кемшіліктерді атап көрсетіп, тез арада жоюды талап еткендігіне айрықша назар аударыпты. Автор өз мақаласында Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2005 жылдың ақпанындағы жолдауындағы көрсетілген міндеттерді атқарудың премьер-министрдің орынбасары Кәрім Мәсімовке жүктелгендігін атап өтіпті.

Ал, осы тақырыпқа айрықша назар аударған “Айқын” басылымы болса Премьер-министр орынбасары мәртебе маңызының, премьер-министрден жоғарылауы мүмкін екендігінің ешкім күтпеген тосын жаңалық болғандығын хабарлапты. Газет тілшісінің хабарлауынша, ендігі уақытта стратегиялық мәселелер бойынша тиімді жұмыс жүргізу, бағдарламалар әзірлеп, оларды әрі қарай жетілдіру ісін Премьердің орынбасары Кәрім Мәсімов басшылыққа алуға тиіс. Ол барлық ведомстволардың жұмысын үйлестіреді, Үкіметтің стратегиялар бойынша шешімін әзірлеп, Үкіметке талқыға ұсынуы керек.

“Жас Алаш” басылымында жарық көрген мақаласында Жұлдыз Әбділда Даниял Ахметов үкіметінің тау қопарып, тас жара қоймағандығына тоқталыпты. Өз мақаласында Жұлдыз Әбділда осы кезге шейінгі премьерлердің қызметіне өз тұрғысынан баға беріпті. Мақала авторының айтуынша, Сергей Терещенко үкіметте үш жыл отырып, жекешелендіру науқанын ашып кеткен. Ал, Әкежан Қажыгелдин үкіметті үш жылдай басқарып, жекешелендіруді шегіне жеткізген. Ең қысылтаяң шақта басшылық жасаған Нұрлан Балғымбаевтан кейін үкіметтің басшылығына Тоқаев тағайындалған. Ал, Қасымжомарт Кемелұлының түбіне жас түркілер, Жандосов, Жақиянов, Әблязов бастаған саясаткерлер жеткен. Ал, жер дауы Иманғали Тасмағамбетовты аттан аударып тастаған. Міне, осылайша үкіметтің басына күтпеген жерден Даниял Ахметов келген. Сондай-ақ “Жас Алаш” газетінде жарық көрген Шыңғыс Мұқайдың мақаласында өткен аптада үкімет басшысы қайта тағайындалғанда депутат Амангелді Айталы мен Әбіш Кекілбаевтың тіл мәселесіне байланысты қойған сауалдарына премьер-министр Даниял Ахметовтың жауап таба алмай қалғандығы баяндалып, осыған орай Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың сөз алып зиялы қауым өкілдерінің бетін қайтарып тастағандығы айтылыпты. Өз сөзінде Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев құрып бара жатқан тілдің жоқ екендігін айтып, бәрін тастап қазақша сөйлеңдер дегеніміз, өзгелерге адам емессіңдер ғой дегенмен бірдей деп ашуланып, жауап қайтарған.
XS
SM
MD
LG