Accessibility links

Теһрандағы ядролық бағдарлама жөніндегі дау-дамай одан әрі жалғасуда


Ресей қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Игорь Иванов пен оның Ирандық әріптесі, сыртқы істер министрі Али Ларижанидің айтуынша, Теһранның атомдық бағдарламасы төңірегіндегі дау-дамайды Халықаралық Атом қуаты агенттігімен бірлесе отырып, дипломатиялық жолмен шешкен жөн. Бұл жөніндегі мәлімдеме кеше кешке Мәскеудегі келіссөздерден кейін жарияланды. Оған дейін Иран сыртқы істер министрінің орынбасары Мехди Сафари мен Ресей атом қуаты агенттігінің төрағасы Сергей Кириенко арасында өзара талқылаулар болып өтті. Келіссөз барысында Ресейдің Ирандағы Бухешир ядролық атом зауытының құрылысында Ресейдің қатысуы мәселесі де назардан тыс қалмады. АҚШ пен Еуропа одағы Иранның ядролық бағдарламасын қайта жалғастырғандығына аса алаңдаулы. Бұл жағдай енді БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінде қаралып, санкция жариялау мәселесін қою керек деген талап айтылған. Ал Иран болса бұл ядролық бағдарлама бейбіт мақсатқа қажет дейді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG