Accessibility links

Газ экспортынан Грузия Қазақстан мен Әзірбайжанға және Иранға үміт артады


ТБИЛИСИ. Бүгін Грузияның сыртқы істер министрлігінің интернет-парақшасы хабарлағандай, Ресей газының экспорты толық қалпына келгенше, сейсенбі күні Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақи грузиялық әріптесімен телефон әңгімесі барысында Грузияны Иран газымен қамтамасыз етуді ұсынды. Жексенбі күні Грузия мен Арменияға газ экспорттайтын Моздок-Тбилиси құбыры 2 жарылыс болып істен шықты. Қазір жөндеу жұмысы жүріп жатыр. Грузия газ құбырын қасақана жарды деп Ресейді айыптаса, Ресей оны мойындамайды. Грузин президенті М.Саакашвили 2009-ыншы жылға қарай Грузия энергия жағынан Ресейден тәуелсіз болуға тиіс деп мәлімдеді. Қазір ресми Тбилиси газ экспортынан Әзірбайжан мен Қазақстанға және Иранға үміт артып отыр.

AzattyqTV

Оңтүстік Қазақстан

Тозығы жеткен Сайрам жолы

XS
SM
MD
LG