Accessibility links

Палестинадағы соңғы 10 жылдағы алғашқы парламент сайлауы ойдағыдай өтуде


РАМАЛЛА. Палестина автономиясының лидері Махмуд Аббас бүгінгі парламент сайлауы ойдағыдай өтіп жатыр деп хабарлады. Рамалла қаласында дауыс берген соң М.Аббас бұқара халықтың түрлі қиындыққа қарамастан өзінің “бірден-бір құқын” пайдаланып дауыс беріп жатқанына жақсы баға берді. Шығыс Иерусалимде дауыс берген Палестина премьері Ахмад Кураи бұл сайлауды Палестина халқы үшін “тарихи күн” деп бағалады. Ал осы кезде Газа қаласында “Хамас” тобының үміткері Исмайыл Хания егер ислам қозғалысы парламентке өтпесе, қолына қару алады деп мәлімдеді. Қоғамдық сауалнамаға қарағанда, биліктегі ФАТХ партиясы мен “Хамас” тобының ара-салмағы шамамен бірдей көрінеді. Бұл Палестинадағы соңғы 10 жылдағы алғашқы парламент сайлауы.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG