Accessibility links

HRW: “Өзбекстанда оппозиция өкілдерін ұрып-соғу жалғасып жатыр”


НЬЮ-ЙОРК. Адам құқықтарын қорғайтын халықаралық Human Rights Watch ұйымы Өзбекстан үкіметін оппозиция өкілдерін соққыға жығып қуадалауын доғаруға шақырады. Аталған ұйымның бүгін жарияланған мәлімдемесінде 24-інші қаңтар күні “Азат дихандар” партиясының мүшесі Рахматулло Әлібаевты партия кеңсесінде белгісіз біреу аяусыз таяққа жығып кеткені айтылады. Дәрігерлердің айтуынша, Р.Әлібаевтың мұрны сынып, басы жарылған және миы шайқалған. Human Rights Watch ұйымының мәлімдеуінше, бұл соққы оппозиция лидерінің бірі Нодира Хидоятованың бүгін өтетін сотын бақылайтындарға анық ескерту болса керек.
XS
SM
MD
LG