Accessibility links

Ә.Лариджани: “Иранның “ядролық ісі” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне жіберілсе, Теһран уранды “өнеркәсіптік ауқымда байытуға” көшеді”


МӘСКЕУ. Бүгін Мәскеуде Иранның ядролық бағдарлама бойынша ресми өкілі Әли Лариджани кеше Ресейдің Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы И.Ивановпен Кремльдің ұсынысын талқылағанын атап өтті. Интерфакс агентігінің хабарлауынша, Лариджани Ресейдің ұсынысын “жақсы” деп бағалап, бірақ оны әлі сараптау керек деп мәлімдеген. Ресейдің ұсынысы – “Иран ядролық қару шығарғысы келеді” деген Батыстың күдігін сейілтуді көздейді. Бүгін Ә.Лариджани егер Еуроодақ пен АҚШ-тың талабы бойынша Иранның “ядролық ісі” БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесіне жіберілетін болса, онда Теһран уранды “өнеркәсіптік ауқымда байытуға” көшіп, ядролық қаруды таратпау туралы Келісімге қосымша Хаттаманы орындаудан бас тартуы мүмкін деп ескертті.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG