Accessibility links

Ядролық бағдарлама бойынша Ирандық мәмілегер, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани, бүгін Бейжиңде қытайлық ресми басшылықпен кездесіп, келіссөздер жүргізбек


Бейжиң. Бұған дейін Лариджани Мәскеуде болып, ядролық бағдарлама бойынша дау-дамайда Ресейдің қолдауына ие болып келген еді. АҚШ пен ЕуроОдақтың Иран мәселесін БҰҰ қауіпсіздік кеңесінде қарап, санкция жариялау қажет деген ұсынысына Ресей, Қытай және Үндістан онша ықылас білдіре қойған жоқ болатын. Енді, Ирандағы ядролық бағдарлама мәселесін Халықаралық атом агенттігі басқармасы Қауіпсіздік кеңесінің ақпанның 2-ісінде өтетін бас қосуында талқыламақ.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG