Accessibility links

Қазақстаннан шетелдерге бала саудасын ұйымдастырумен айналысқандарға тексеру басталды

  • Болатбек ТӨЛЕПБЕРГЕН

Халықаралық деңгейде Ресейден, Украинадан және Қазақстаннан шетелдерге бала саудасын ұйымдастырумен айналысқан «Юнона» ұйымының қылмысын Ресей мен АҚШ әшкере еткенін мәлімдеген. Ресейдің бірқатар ақпарат құралдарында пайда болған деректерге орай, қазақстандық билік органдары мен адам құқығы жөніндегі ұйымдар алаңдаушылық білдіріп, бұл жайттың анық-қанығына тексеру жүргізе бастады.

Қазақстан өз тәуелсіздігін алған тоқсаныншы жылдардан бері денсаулығы нашар, мүгедек, жарымжан 5 мыңнан астам балаларды емдеп сауықтыру үшін және салауатты өмір салтында өсіру үшін жағдайы мен мүмкіндіктері бар шетел азаматтарына ғана берілген болатын дейді ҚР президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы Жабайхан Әбділдин.

«Алайда, парламент депутаттарымен қатар, атқарушы билік өкілдері арасында және ақпарат құралдарында жиі қызу талқылауларға өзек болған бұл тақырыпқа орай енді соңғы күндері Ресейден, Украйнадан және Қазақстаннан шетелдерге бала саудасын ұйымдастырумен айналысқан «Юнона» ұйымының қылмысын Ресей мен АҚШ мемлекеттері әшкере еткенін мәлімдеген Ресейдің бірқатар ақпарат құралдарында пайда болған деректер мені де бей-жай қалдырмай отыр», - дейді ол.

Дегенменде бұл жайтқа алаңдаушылық білдіргенімізбен, осы мәселеге орай бізге ешкім шағымданбағандықтан әзірге қандайда бір әрекет жасай алмаймыз дейді Қазақстандағы азаматтардың құқын қорғау жөніндегі ұлттық орталығының баспасөз хашысы Арбол Хасенұлы.

Біз енді осы жайтқа орай ҚР бас прокуратурасына хабарласқан едік. Прокуратураның баспасөз хатшысы Сәулебек Жәмкенов аталған мәселенің анық-қанығын қазір қызметкерлері тексеріп жатқанын, әзірге ешқандай мәлімет бере алмайтындығын жеткізді.

Ал ҚР парламенті мәжілісінің депутаты Амангелді Айталы соңғы нүктесін қоятын бұл күрделі мәселеге орай мемлекеттік деңгейде саяси шешім қабылданатын уақыт жеткенін айтады. Және де Амангелді Айталы аталған мәселеге орай күдіктілердің қылмысы ашылса, жазаның да ауыр болғаны жөн дейді.
XS
SM
MD
LG