Accessibility links

Душанбеде әскери басшы өлтірілді


Душанбеде Тәжікстан Әскери академияның бастығы Хокимжон Хафизов бүгін тәңертең атып өлтірілді. Белгісіз азамат оны тәңертең үйінен шығып келе жатқанда атты. Қорғаныс министрі Шералы Хейруллоев тәңертең төтенше мәслихат өткізді. 42 жасар Хокимжон Хафизов Тәжікстан Әскери академиясын 1998 жылдан бері басқарып келді. Қастындықпен адам өлтіру, осылайша кек алу Тәжікстанда азаматтық соғыс 1999 жылы тоқтағалы бері алғашында жиі болатын. Алайда 2001 жылдан бері қастандық жасау жағдайлары азайған еді.
XS
SM
MD
LG