Accessibility links

Иран Ресей ұсынысын әлі қабылдамады


Иранның ядролық мәселе бойынша бас елшісі Әли Лариджани уран байытуды Иран сыртында жасап берейік деген Ресей ұсынысын қанағат тұтпаймыз, Ресей ұсынысы әлі талқыланып жатыр деп мәлімдеді. Ресей ұсынысын АҚШ және БҰҰ қолдап отыр. Ресейде ұсынысы қабылданса Иран өзі байытқан уранды ядролық бомба жасауға пайдаланып қояды деген батыс елдерінің күдігі сейіледі. Әли Лариджани жақында Ресей мен Қытайда болып, Иран ядролық мәселесін БҰҰ Қауіпсіздік кеңесіне шығармау амалдарын қарастырды.
XS
SM
MD
LG