Accessibility links

Махмұд Аббас "Хамас" басшыларымен кездеспек


Палестина президенті Махмұд Аббас парламенттік сайлаудағы жеңіске жеткен исламшыл жауынгерлік "Хамас" тобының басшыларымен жақын арада кездесіп, үкімет жасақтау мәселесін талқыламақ. Палестина парламентінде 132 мандат бар, "Хамас" олардың 76 жеңіп алды. "Фатах" ұйымы 43 мандат қана алды. "Фатах" ұйымы біріккен үкімет құрайық деген "Хамастың" ұсынысын қабылдамады. "Фатахты" қолдаушылар бүгін Газа қаласында "Хамастың" табысына наразылық танытты. Бұл демонстрациядан соң "Хамас" пен "Фатахтың" қолдаушылары Газа секторында қақтығысып, бір-біріне оқ атты, үш азамат жараланды.
XS
SM
MD
LG