Accessibility links

"Газпром" Қырғызстанда мұнай игермек


Ресей монополиялық "Газпром" компаниясы Қырғызстан мұнай және газ қорларын игеруге көмектесеміз, осы мақсатқа жүздеген миллион доллар жұмсаймыз деді. Бұл туралы "Газпром" төрағасы Алексей Миллер бүгін Бишкекте бас министр Феликс Құловпен келіссөз жүргізген соң айтты. Жоспар бойынша биылғы жылдың бірінші тоқсанында біріккен кәсіпорын құрылмақ. Қырғызстанда мұнай және газ қоры мол деп айтылады, бірақ Қырғызстан энергетика көздерінен бұрынғы совет елдеріне әлі тәуелді.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG