Accessibility links

Орталық Азия қар апатында қалып отыр


Қырғызстанда қалың қар елдің солтүстігі мен оңтүстігінің арасындағы жалғыз тас жолды жауып тастады. Қара Құлжа қаласында суықтан кемінде 4 адам өлді, бір қатар ауданда төтенше жағдай тәртібі жарияланды. Тәңертен ел оңтүстігіндегі Алай ауданында жер сілкінісі болды, оның қуаты Рихтер өлшемі бойынша бес балл. Өзбекстанда қарлы боран Қамшық асуында жол жауып тастады, Ферғана жазығында көптеген жол қатынасы тоқтап қалды. Тәжікстанда Памир тауларында соңғы тәулікте кемінде 100 қар көшкіні болды. Кемінде бір адам қаза тапты. Қар көшкіндері Хороқ ауданына апаратын барлық жолды бөгеп тастады.
XS
SM
MD
LG