Accessibility links

Монғолия үкіметінің басына бұрынғы коммунистер келді


Монғолия парламенті жаңа үкімет құрамын бекітті. Демократиялық партия басқаратын біріккен үкімет 13 қаңтарда кетіріліп, жаңа үкіметке негізінен бұрынғы коммунистік партияның адамдары іріктелді. Бас министрлікке бұрынғы коммунист Миегомбо Енкхболд тағайындалды. Барлығы он министр бұрынғы коммунист боп шықты. Демократиялық партиядан үш адам министрлікке өтті, тағы үш жаңа министр басқа ұсақ партиялардан алынды. Демократтар басқаратын үкіметтің таратылғанына наразылық танытылып, ел астанасы Улан-Баторда бірнеше демонстрация өтті.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG