Accessibility links

Иран ядролық мәселесіне қатысты келіссөз өткізбекші


ТЕҺРАН. Иран өкілдері Теһранның даулы ядролық бағдарламасына қатысты келіссөз өткізу үшін ертең Брюссельге барады. Америка Құрама Штаттары мен Ұлыбритания, Франция және Германия елдері Иранның ядролық мәселесін БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесіне беру мақсатында дипломатиялық әрекеттер жасауда. Ақпанның 2-сі күні Атом энергиясы бойынша халықаралық МАГАТЭ агенттігі төтенше жиналысында Теһран мәселесін талқылайды деп жоспарланған.
XS
SM
MD
LG