Accessibility links

1 аптадан кейін Грузияға жете бастаған Ресей газына енді... мұз “бөгет” болып тұр


ТБИЛИСИ. 1 аптадан кейін Грузияға жете бастаған Ресей газы тағы да үзілді. Газ тасымалдаушы “КавказТрансГаз” компаниясын сілтеп көрсеткен Интерфакс агенттігінің хабарлауынша, газдың үзілуіне құбырдың бір бөлігінің мұз болып қатуы себеп болған. Қазір мұзды еріту үстінде. Кеше грузин премьер-министрі Зураб Ногайдели Ресей газының жете бастағанын ресми түрде жариялап, газдың бүгін Арменияға жететінін мәлімдеген болатын. Ресей газы - 1 апта бұрын Солтүстік Осетиядағы 2 бірдей газ құбырының жарылып істен шығуынан үзілген болатын. Ресми Тбилиси Мәскеуде диверсия ұйымдастырды деп айыптады.

AzattyqTV

Аудиоподкаст

XS
SM
MD
LG