Accessibility links

С.Хусеиннің адвокаттары келесі сот отырысына (1-2 ақпан) байкот жариялап отыр


БАҒДАД. Сот процесінде Ирақтың бұрынғы диктаторы С.Хусеинді қорғайтын адвокаттардың ұжымы кеше соттың келесі отырысына байкот жариялайтындарын мәлімдеді. Адвокаттардың бірі Наджиб Ән-Нуами сотты “қатыгез” болды және ол істі “бейтарап” қарай алмады деп айыптады. Кешегі сот отырысында С.Хусеиннің 7 сыбайласының бірі сот залынан қуылған соң, оған наразы болған қорғаушылардың барлығы да соттан шығып кетіп, олардың орнына сот тағайындаған өкілдер келіп, отырыстың шырқы бұзылды. Сот залынан С.Хусеин де шығып кетті. Бұл – жаңа тағайындалған судья Рауф Рашид Абдиль Рахманның төрағалық етуімен өткен бірінші отырыс болды. Сот сәрсенбі, не бейсенбі күні қайта жалғасуға тиіс.
XS
SM
MD
LG