Accessibility links

А.Меркель: “Егер ядролық қару шығаратын болса, онда Иран бүкіл әлемге қатер төндіреді”


ТЕҺРАН. Бүгін Иранның арнаулы өкілі Джавад Ваиди Брюссельде Ұлы Британия, Франция және Германия өкілдерімен кездеседі. Иранның сыртқы істер министрі Манучир Моттақидің мәлімдегеніндей, Брюссельде Иран жағы ешқандай жаңа ұсынысты қабылдамайды. Оның айтуынша, Дж.Ваиди Иранның “ядролық бағдарламаға деген құқын” қорғап, Еуроодақ елдерін бұл мәселе бойынша “асығыс шешім қабылдамауға” көндірмекші. Сонымен қатар Иранның “ядролық бағдарламасы” - БҰҰ-ының Қауіпсіздік Кеңесінің тұрақты 5 мүшесі - Ресей, АҚШ, Қытай, Франция, Ұлы Британияның, сондай-ақ – Германияның сыртқы істер министрлерінің Лондондағы кездесуінің күн тәртібінде тұр. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы К.Райстың хабарлауынша, бұл кездесу көп мәселені, оның ішінде “Иранның ісін” Қауіпсіздік Кеңеске жолдау мүмкіндігі мен Иранға қажетті уранды Ресей жерінде байыту туралы Мәскеудің ұсынысын талдайды. Кеше Израильге келгенінде Германия канцлері А.Меркель: “Егер Иран ядролық қару шығаратын болса, онда жалғыз Израильге емес, бүкіл әлемге қатер төндіреді” деп мәлімдеді.
XS
SM
MD
LG