Accessibility links

Ауғанстанның қауіпсіздік күштері Қандағардағы тәліптердің көзін жою үстінде


КАБУЛ. Ауғанстанның қауіпсіздік күштері Қандағар қаласында жанкешті лаңкестердің шабуылдарын жоспарлады деген күдікпен 7 ауғандық пен 2 пәкістандық азаматты тұтқындап, жарылғыш зат тиілген 2 автокөлікті қолға түсірді. Осы өлкенің әкімі Асадулла Халидтің айтуынша, тұтқындалған әлгі 9 адам АҚШ бастаған коалициялық күштер мен ауған үкіметіне қарсы жанкештілердің шабуылдарын ұйымдастырмақ болған. Ауғанстанның қауіпсіздік күштері Қандағарға баратын барлық жолға бақылау-күзет постарын орнатып, келген-кеткен автокөліктердің барлығын тінтуде. Осы айдың басында президент Х.Қарзай тәліптердің көзін жою үшін Қандағарға полицияның қосымша күшін аттандырған болатын.
XS
SM
MD
LG