Accessibility links

Мұсылман елдері Даниядағы басылымдардың Мұхаммед пайғамбарды келемеждеп бейнелеуіне қатты наразы


ТРИПОЛИ. Кеше Ливия үкіметі басылым беттеріндегі мұсылмандар жағынан Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізеді деп табылған мультиктерге Дания үкіметінің үнсіз қарап отыруына наразы болып осы елдегі елшілігін толық жабатынын мәлімдеді. Сонымен қатар ресми Триполи Данияға қарсы қайсыбір “экономикалық жаза” қолданатынын хабарлады. Сауд Арабиясы Даниядағы елшісін өткен аптада кейін шақыртып алған болатын. Данияның ең ірі басылымдарының бірі (Jyllands-Posten) қыркүйек айында 12 мультикті, оның ішінде Мұхаммед пайғамбардың басына бомбаға ұқсас сәлде киген мультигін жариялады. Шариғат бойынша, пайғамбарды бейнелеу немесе оны келемеждеп суретеу Құқдайға тіл тигізу болып саналады. Дат премьері Андрес Фог Расмуссен Данияда баспасөз еркіндігі бар және саяси жүйе жөн көрсете алмайтын нәрселер бар деп ақталды.

AzattyqTV

XS
SM
MD
LG